Меню KDT

Новости

"Тәуелсіз елім - Қазақстан"

11.12.2019 ж. Тәуелсіздігіміздің 28 жылдығына арналған "Тәуелсіз елім - Қазақстан" атты мерекелік ертеңгілік "Ғажапстанға саяхат" ертегісі желісімен өтті. "Ғажапстан" патшалығында тату - тәтті өмір сүріп жатқан елдің ертеңгі иегерлері өз өнерлерін көрсетті. Домбыраларын қолға алып,  кішкентай ғана қыздарымыз би биледі. Болашақ тізгін ұстар ұлдарымыз  өз билерімен Қазақстанның көк байрағын желбіретсе, сарғалдақтай тізілген қыздарымыз латын әріптері тізбесінен "QAZAQSTAN" сөзін құрап, өнерлерімен таң қалдырды. "Асық ату" ұлттық ойыны заманға сай түрлендіріліп ойнатылды. Отан туралы өлеңдер оқылып, ән шырқалды. Мерекеден бүлдіршіндеріміз жақсы әсер алды.


Просмотров: 208

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Меңгерушінің блогы

Опрос

Статистика

  • Осы айда2
  • Осы аптада0
  • Кеше0
  • Бүгін0
  • Желіде:0

Полезные ссылки