2019 ж. 24 желтоқсаны «Айнагүл» бөбекжай-бақшасы»МКҚК «Айналайын» ортаңғы тобында «Армысың, Жаңа жылым» атты жаңажылдық ертеңгілік өтті.Ертеңгілікке қонаққа сиқыршы келді.Ол балалардың сипаттауымен сиқыр көрсетіп, ертеңгілікке Аяз ата мен Ақшақардың орнына сайқымазақты, аққаланы шақырды, бірақ тәрбиеленушілердің көмегімен мерекенің басты қонақтары келді. Балдырғандар шырша қасында Аяз атаға тақпақтарын айтып, әндер шырқады. Қыздар «Әдемі шырша», ұлдар «Аққала» және «Керемет қыс» билерін биледі.Бүлдіршіндер ертеңгіліктен өздеріне жақсы көңіл-күй және Аяз атадан өз сыйлықтарын алғандарына риза болды.